Павлодар облысында тексеріс кезінде 5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

1107

Полиция инспекторлары "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында 52 мыңнан аса пәтер мен 35 мыңнан астам жеке тұрғын үйді тексеріп шықты.

Павлодар облысында тексеріс кезінде 5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Полиция инспекторлары тұрғылықты орны бойынша 2000-нан аса есепте тұрған адамды тексерді, - дейді департаментте. - Қосымша 391 адамды есепке қойды. Пәтерлерді тексеру кезінде азаматтық қару иелері басты назарға алынды. Себебі қолданыстағы заңнама өзгерістеріне сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін пәтерде күзет дабылы немесе атыс қаруын сақтауға арналған сейфте дабыл белгісі орнатылуға тиіс".

Нәтижесінде 7007 азаматтық қару иесі тексеріліп, қару сақтау ережесін бұзудың 231 фактісі анықталған. Сақтау ережесін бұзғаны үшін 57 бірлік қару алынды. Сондай-ақ бес мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 223-і отбасында жанжал шығарған, 254-і ұсақ бұзушылық жасаған және 614-і алкогольдік ішімдік тұтынған.

Аталмыш шара биылғы жылдың 5 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу