banner

Павлодар облысында жол апатынан бір отбасының 3 адамы көз жұмды

1068

Жеңіл көлікте 35 жастағы Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков пен әйелі, үш жасар баласы болған. Көлікте болған 53 жастағы әйел де өмірден озды.

Павлодар облысында жол апатынан бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Аққулы ауданы Черное ауылының маңындағы тас жолында жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысуы салдарынан төрт адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жеңіл көлікте 35 жастағы Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков және оның әйелі мен үш жасар баласы болған. Олар оқиға орынында дүние салды. Көлікте отырған 53 жастағы әйел адам да өмірден озды. Жол көлік оқиғасы орынынан түрлі жарақаттармен 57 жастағы ер адам мен, 27 жастағы әйел адам емханаға жеткізілді. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметінде растап, Ардақ Райымбековтың демалыста болғанын жеткізді.

Жедел жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, шақыру түнгі сағат 00:14-те түскен. Оқиға орынына бірінші болып Черное ауылының дәрігерлері, Новоямышев және Аққу ауылының жедел жәрдемі жеткен. Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі полиция тергеуде. Барлық сараптамалар тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу