Павлодар өңірінде "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

741

Павлодар өңірінде "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Павлодар өңірінде "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мал ұрлығымен айналысатын 14 адам және 3 топ анықталды.  Сонымен қатар, өткен жылғы 3 ұрлық ашылды. Заңды иелеріне ұрланған шамамен 80 мал басы қайтарылды, оның ішінде 40 бас жылқы, 12 – ірі қара мал, 35 – ұсақ қара мал", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың тамыз айында полицияға Баянауыл ауданының тұрғыны 26 бас жылқы ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы   –  6 250 000 теңге. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу