Павлодар өңіріндегі елдімекендердің 76 пайызы ауызсумен қамтылмаған

614

Павлодар өңіріндегі елдімекендердің 76 пайызы ауызсумен қамтылмаған

Павлодар облысының экономикалық өсімі 3,6 пайызға жетті. Өңірдің жалпы ішкі өнімі биыл алғаш рет 2 трлн теңгеден асты. Бүгін елбасы аймаққа жұмыс сапары кезінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады. Өнеркәсіп пен энергетика, транспорт пен тұрғын үй құрылысы дамып келе жатқанын да айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, биыл жартыжылдықта аумағы 80 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға берілген. Өңір басшысы жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 мың шаршы метрге жетеді деп сендірді.

Дегенмен өңірде ауызсу мәселесі өткір тұр. Бүгінде мұндағы 370 елді мекеннің 76 пайызы тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмеген. Елбасы осы түйткілге мән беріп, жұмысты ширатуды тапсырды.

Ал өңір басшысы Баянауыл өңірін сумен қамту үшін қазір құбыр тартылып жатқанын айтты. Ол үшін республикалық бюджеттен 21 млрд теңге бөлінген.

Болат Бақауов 2021 жылға дейін суға қол жеткізе алмай отырған ауылдардың саны 6 пайызға азаяды деп отыр. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау басты міндет екенін әкімінің қаперіне салды. Ертіс өзенінің жанында бос жатқан суармалы жерлердің егістік алқаптарын көбейту керектігіне де мән берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу