Павлодарда КамАЗ жүргізушісінің үстіне жасымық төгіліп көз жұмды

1012

Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері оқиға орнына жеткенмен, жүргізушінің өміріне араша бола алмады.

Павлодарда КамАЗ жүргізушісінің үстіне жасымық төгіліп көз жұмды

Павлодар қаласының өнеркәсіптік аймағында КамАЗ жүргізушісінің үстіне жасымық төгіліп, азамат көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

29 жастағы ер азамат көкөніс базасында дәнді дақыл тиелген жүк көлігінің бортын ашқан сәтте жасымықтың астында қалып, тұншыққан. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері оқиға орнына жеткенмен, жүргізушінің өміріне араша бола алмады.

Жасымық үйіндісінің астынан алып шыққанда жүргізуші дем алмаған. Нәтижесінде дәрігерлер биологиялық өлім дерегін тіркеді.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен азамат жүк көлігін жалға алып, тасымалмен айналысқан.

"Адам топырақ астында қалды деген шақырту түсті. Біздің бригада оқиға орнына 12 минуттың ішінде жетті. Сол сәтте оны жасымықтың астынан құтқарушылар шығарды. 5 минуттай күтуге мәжбүр болдық. Өкінішке қарай биологиялық өлім т3ркелді", - дейді облыстық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу