banner

Павлодарда тұз өндірушілердің саябағы пайда болады

1319

Павлодарда тұз өндірушілердің саябағы пайда болады

Павлодардағы тұз өндірушілердің саябағында көгалдандыру жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Промгорсервис" ЖШС мердігер ұйымының директоры Евгений Клюкиннің айтуынша, болашақта қалалықтар демалатын орында көк шырша отырғызылып, тас төселуде.

"Кешеннің толық дайын болуына енді бес күндей қалды, - деді мердігер. – 64 жас көк шырша отырғызудамыз. Оның 56-сы бір жарым метрлік болса, қалғандары үш метрліктер. Оған қоса, көгал орнатып жатырмыз. Ол көктемде дайын болады. Суаратын жүйе де дайындалуда. Біздің жақсы көгалдандырушымыз бар. Шыршаларға сол жауап береді".

"Промгорсервис" ЖШС жарықтандыру, суару жүйесіне екі жылға кепілдік береді. 

Шырша отырғызуға еңбек ардагерлері, облыс және қала әкімдері қатысты. Болат Бақауов ақсақалдармен нысанды тапсырмай тұрып, соңғы жұмыстарын талқылады. 

"Біз шамамен 1903 жылғы суретті таптық. Ол суретте қасында бірнеше түйелері бар тұз тауы бейнеленген. Ескерткіш үшін түрлі ұсыныстар қаралды. Мен тұз бен жүк тасыған түйеден басқа темір жолдағы кішкентай вагон салуды ұсындым. Жалпы, көрнекті дүние болады. Нәтижесінде таңдау үстінде тұзы бар жаңаөзендік ақ ұлутасты 800 келілік төрт блоктан тұратын ескерткішке түсті", – деді облыс әкімі. 

Жоба авторы Игорь Исаков тәжік-ауған қақтығысының әскерлеріне арналған ескерткіштің және Астана жақтан кіре берістегі стелланың да құрастырушысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу