Павлодардағы металлургия комбинаты құрылысына қытай инвестициясы құйылады

1434

Павлодардағы металлургия комбинаты құрылысына қытай инвестициясы құйылады

Қытай Халық Республикасының Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының инвестициялық қоры "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландыруға әзір. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы Болат Бақауов пен инвестициялық қордың өкілі - China Machinery Engineering Corporation компаниясының басқарушы директоры Ван Ливэннің кездесуі барысында "TENIR-LOGISTIC" ЖШС-ның титан және кремний диоксиді, қоспалы болат құрылғылар өндірісі кешенінің құрылысы жөніндегі жобасы таныстырылды. 

Қытайлық компания кешеннің құрылысын қаржыландырып, құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесіп, өндірісті бастауға жәрдемдеспекші. Компанияның өкілі Ван Ливэннің ақпараты бойынша бұл жоба ҚР-ғы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы әрекеттестік бойынша қазақстандық-қытайлық халықаралық келісімдердің шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Жобаны жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы "TENIR Logistic" ЖШС-ің бас менеджері айтып берді:  – Осы жылдың шілде айында жобаны жүзеге асыру басталады. Инвестициялардың жалпы көлемі 782 млрд. теңгені құрайды (1 кезек - 122,4 млрд. теңге), алғашқы өнімді шығару 2020 жылға жоспарланып отыр. Комбинатта 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

Облыс әкімі қоспалы болат, титан және кремний диоксидтерін өндіруде шығындарды азайту мен технологиялардың экологиялық қауіпсіздіктерін сақтауға назар аударып, облыстық индустриялық-инновациялық басқарма басшысының міндетін атқарушыға, "Павлодар" АЭА" БК АҚ-ың директорына "TENIR Logistic" ЖШС-ің жобасын жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу