Павлодардың орталығында су құбыры жарылды

627

Павлодардың орталығында су құбыры жарылды

Павлодарда сумен қамту желісінің істен шығуы себебінен қаланың бес әкімшілік ғимараты сусыз қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Сумен қамту желісінің зақымдануы Қайырбаев пен Ак. Бектұров көшелерінің қиылысында орын алды, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев. – Апат болған жерге "Горводоканал" ЖШС өкілдері келді. Зақымданған желі арқылы сумен қамту уақытша тоқтатылды".

Сусыз қалған бес әкімшілік ғимаратына қажетті су автокөліктермен жеткізілуде.

"Аққан судан көшеден өтіп, қалалық салық департаментіне кіре алмай жүрміз, - дейді Маржан Муханова. – Мына су түнде қатса, осы жерге конькимен келуге мәжбүр болатын шығармыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу