Петропавлда газ қымбаттады

863

Петропавлда газ қымбаттады

Петропавлда газ қымбаттады. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінен көгілдір отынның 6,6 пайызға өскенін хабарлады. 

Қаланы газбен қамтамасыз етіп отырған "Горгаз-сервис" ЖШС бір ай бұрын бағаны 15,5 пайызға көтеруді сұраған. Дегенмен, ТМРБҚ департаментіндегілер қарастыра келе,  1 текше метр көгілдір отын үшін қосымша құн салығын қоса есептегенде 522 теңге деп белгіледі.

Тарифті көтеруге көтерме саудадағы бағаның қымбаттауы әсер еткен. 1 қаңтардан бастап еліміздегі зауыттар өз өнімдеріне бағаны қымбаттатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу