Петропавлда жылыту маусымы басталды

1297

Жергілікті билік өкілдері биыл жылуды жылдағыдан 2 аптаға ерте беру жөнінде шешім шығарыпты. 

Петропавлда жылыту маусымы басталды

Қазір қаладағы әлеуметтік нысандар: балабақша, мектеп, ауруханалар қосылып жатыр. Содан кейінгі кезек көп қабатты тұрғын үйлерде болады.

Биыл жергілікті билік өкілдері жылуды жылдағыдан  2 аптаға ерте беру жөнінде шешім шығарды. Өйткені былтыр күздің қара суығында пәтерлердегі температура төмендеп, тұрғындар бүрсең қаққан болатын.

Облыс орталығында 1 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінгі таңда солардың 90 пайызы қысқы маусымға дайын.

"Әлеуметтік нысандар екі күнде, ал көп қабатты тұрғын үйлер сегіз күнде қосылады. Биыл жылу тұрғындардың қалауы бойынша беріледі. Яғни пәтер иелері кооперативінің төрағалары қай күні өтініш білдірсе, сол күні қосылады", - дейді  Анатолий Мишин, қала әкімінің кеңесшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу