Полиция пиротехниканың заңсыз сатылмауын қадағалауды күшейтті

1128

Полиция қызметкерлері, азаматтардың есіне пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын көрсетуді талап ету керектігін, сондай-ақ, өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін еске салады. 

Полиция пиротехниканың заңсыз сатылмауын қадағалауды күшейтті

Пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын талап еткен жөн, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қаруды бақылау бөлімінің аға инспекторы Азамат Аменнің айтуынша, тәртіп сақшылары аталмыш жұмыстарды Жаңа жыл қарсаңында күшейтілген режимде жүргізеді.

"18 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында пиротехника заңсыз түрде сатылатын орындарды тексереміз. "Шанхай", "BIG Шанхай", "Астаналык" базарларын, "Орбита" дүкенінің ауданын аралаймыз", –  деп мәлімдеді ол.

Полиция қызметкерлері, азаматтардың есіне пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын көрсетуді талап ету керектігін, сондай-ақ, өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін еске салады.

2017 жылы "Пиротехника" жедел профилактикалық шарасын өткізу барысында петардалар мен от шашулар сияқты өнімдер сатылатын алпыстан астам орын тексерілді. Олардың нәтижесінде пиротехниканы заңсыз сатудың 6 оқиғасы анықталып, сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдердің 3 мыңға тарта данасы тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу