Психиатриялық орталықтан қашып кеткен үш жасөспірімнің бірі табылды

550

Ал балалар үйлерінің қалған екі тəрбиеленушісі əлі табылмай жатыр.

 Психиатриялық орталықтан қашып кеткен үш жасөспірімнің бірі табылды

Алматыда психиатриялық орталықтан қашып кеткен үш жасөспірімнің бірі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 жастағы Маргарита Козлова туысқандарының үйінде болған екен.

"14 жастағы қыз табылды. Ол отбасы бар бала. Анасы келіп, барлық мəселені талқыладық. Қыздың денсаулығы жақсы, дін аман. Оны орталықтан шығардық. Ал балалар үйлерінің қалған екі тəрбиеленушісі əлі табылмай жатыр",- деді Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков.

Еске сала кетсек, Алматы орталығында орналасқан Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығынан үш жасөспірім қашып кеткен еді. 13,14 және 16 жастағы балалар өткен аптада, сәрсенбі күні тəрбиешінің назары басқаға ауғанын пайдаланып, терезе арқылы қашып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу