Qazaq Air компаниясы екі ұшақ сатып алады

1192

Qazaq Air компаниясы екі ұшақ сатып алады

Qazaq Air  әуекомпаниясы 2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға әкелінуі жоспарланған жаңа екі Bombardier Q400 NextGen ұшағын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды. Осылайша осы типтес үш ұшағы бар Qazaq Air әуефлоты бес ұшаққа дейін көбеймек.

"Әуекомпания құрылғаннан бері бізге серіктес болып келген Bombardier-мен өткен келіссөздің нәтижесі айтарлықтай қуантуда. 2015 жылдан бері Qazaq Air әуефлотының алғашқы Q400 ұшақтарының арқасында біз Қазақстан халқын еліміздің түпкір-түпкіріне апарып, 15 бағыт бойынша байланыс орнатып үлгердік. Бүгінгі күні біздің аймақтық компания 420 000 жолаушы тасымалдап, 2017 жылы олардың саны былтырмен салыстырғанда 50% өсті. Жұмысын жақсы атқарып жүрген үш әуе кемемізге тағы екі ұшақ қосылған кезде мүмкіндіктер кеңейіп, біз аймақтық байланыспен қатар, Қазақстанмен көршілес Орта Азиялық елдеріне де сапар шегуді жоспарлап отырмыз", – деп атап кетті әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Ал Bombardier Commercial Aircraft Еуропа, Ресей мен ТМД елдерінде сату бөлімінің вице-президенті қызметін атқарып жүрген Райан ДеБраск болса QAZAQ AIR әуефлоты Bombardier Q400 NextGen ұшақтарымен жаңарып жатқанына өте қуаныштыты екенін білдірді. Ол Qazaq Air Қазақстанға 2015 алғаш әкелінген Q400 әуекемелері өздерін жақсы қырынан танытып, нәтижелі пайдаланысқа түседі деген ойымен бөлісті.

Айта кетейік, Bombardier Commercial Aircraft дүниежүзінде әуекемелерді жасап шығаратын ірі канадалық компаниялардың бірі.

Bombardier Q400 NextGen – жолаушылар салонында шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, кең отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар, жүк салатын кең сөрелер мен жарқын светодиодты жарық жүйесімен жабдықталған заманауи жаңа ғасырдың әуеллайнері

Qazaq Air 100% акциялары "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі, Қазақстанның аймақтық бағыттарында қызмет көрсететін әуекомпаниясы.

Qazaq Air әуефлоты Қазақстан әуекомпанияларының ішіндегі ең жасы, орта жасы екіге толған 78 орынды ұшақтары заманауи, әрі ыңғайлы  Bombardier Q400 NextGen әуекемелерінен тұрады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу