Ресей Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы өз үлесін сатпақ

2143

Ресей Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы өз үлесін сатпақ

Ресей Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы өз үлесін сатпақ. Еліміздегі ең ірі электр кешенінің тең жартысын еншілеген "Интер РАО" компаниясы осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Atameken Business.

"Самұрық Энерго" басқарушы директоры Серік Түйтебаевтың айтуынша, қазір активтерді бағалау шаралары жүргізілуде. Нәтижесіне қарай, Қазақстан тарапы 50%-дық акцияны сатып алып, станцияны толықтай басқаруды көздеп отыр.

Қазір мәскеулік компанияның үлесі шамамен 16,74 млрд теңгеге бағалануда. Ал, 2 жыл бұрын оның баланстық құны 33 млрд 480 млн-ға тең болған.

Кәсіпорын өкілдері баға айырмасын инвестицияның құнсыздануымен түсіндіруде. Осы себеппен де, ресейлік тарап, 3-ші элекро блок жобасын аяқсыз қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу