Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

1264

Жоба "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников Өзбекстан мен Ресей аумақаралық серіктестік форумы аясында таныстырылды. 

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ  Ресей Өзбекстанға ұлттық ғарыш жүйесін құруға көмек береді, деп хабарлайды Газета.uz-ға сілтемемен egemen.kz.

Ресей, Өзбекстан, Қазақстан арасындағы үшжақты серіктестік жобасын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников Өзбекстан мен Ресей аумақаралық серіктестік форумы аясында таныстырды.

"Орбитадағы Sat-2 құрылғысын ауыстырып жатқан Қазақстан Республикасымен ортақ жоба жасап, құрылғыға жаңа мүмкіндік беруге жол ашамыз", - деді Анатолий Красников.

KazSat-2R құрылғысын 2023 жылы KazSat-2 құрылғысына аустыру керек. Ол телерадио, байланыс, ақпарат алмасу, VSAT желісі, мультимедия жұмысын жүйелейді. "Роскосмос" ақпараты бойынша, жаңа құрылғы Өзбекстан, Қазақстан, Ресейдің орталық  аумағын, Орталық Азияның басқа аумақтарын қамти алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу