Ресейден Павлодарға келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды

778

Жалпы автобуста 47 адам болған. 

Ресейден Павлодарға келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды

РФ Новосібір облысының Коченев ауданында жолаушы автобусы Foton жеңіл көлігімен соқтығысып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Коченев ауданы бірыңғай кезекші-диспетчер қызметі хабарлаған, деп жазады kz.otyrar.kz.

Коченев ауданы бірыңғай кезекші-диспетчер қызметінің бастығы Сергей Никитиннің айтуынша, оқыс оқиғадан автобустағы бес жолаушы және жүргізуші зардап шеккен. Жалпы автобуста 47 адам болған.

РФ ТЖМ Новосібір облысы бойынша бас басқармасының мәліметіне қарағанда, жолаушылардың барлығы — Қазақстан азаматтары. Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.

Деректерге қарағанда, автобус Павлодар қаласына келе жатқан. 15 сағаттан кейін аударылған автобусты орнынан тұрғызып, жолаушыларды Павлодарға басқа автобуспен жөнелтудің сәті түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу