Ресейден тасымалданатын тауық етіне уақытша шектеу қойылды

997

Ресейден тасымалданатын тауық етіне уақытша шектеу қойылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге Ресейдің бірнеше импорттаушы компанияларына уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Заң бұзушылық анықталған өндірушілер қатарында "Брянский бройлер" ЖШС, "Инжавинская птицефабрика" АҚ, "Приосколье" ЖАҚ, "Чебаркульская птица" ЖШС, Ресей Федерациясы  "Царицыно" ААҚ сынды өндірушілер бар.

Құс етінен колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану, сальмонелла, ал шұжықтан шошқа етінің ДНК-сы анықталуына байланысты, ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің бақылаушы органдарына тиісті сұраныс жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу