Ресейлік азамат Қазақстанда 7 жылға жуық заңсыз зейнетақы алып келген

980

Ресейлік азамат Қазақстанда 7 жылға жуық заңсыз зейнетақы алып келген

65 жастағы зейнеткер, Ресей азаматы Қазақстан бюджетін  6 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты.  Ресей азаматының қылмыстық ісі Бородулиха аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ол 2008 жылдан бері Ресей жерінде зейнетақы алып келген. Бірақ 2011 жылы зейнетақы тағайындап беріңдер деп ҚР құзыретті органдарына барған. Сөйтіп екі елді бірдей алдаған зейнеткер екі арықтан су ішіп келген.

"Осылайша, Т. екі азаматтығы барын жасырған. Қазақстанда 2011 жылдың ақпанынан 2018 жылдың мамырына дейін зейнетақы алып келді. Нәтижесінде, мемлекетке 6 354 373 теңге көлемінде шығын келтіріп отыр", – дейді соттан.

Айыпталушы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу