banner

Республикалық маңызы бар жолдардың 6,5 мың шақырымы ақылы болады

1226

Республикалық маңызы бар жолдардың 6,5 мың шақырымы ақылы болады

2020 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың 6,5 мың шақырымы ақылы болады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, 2013 жылдан бастап "Астана — Щучинск" автожолы жалғыз ғана ақылы жол болып келді.

"Қазіргі таңда ол өзінің тиімділігін толық дәлелдеді. Автожолдың бұл учаскесін біз тек төлем алу есебінен, бюджет қаражатын тартпай-ақ, ұстап отырмыз", — деді ол. 

Осыған орай, ҚР ИДМ тек төлем алу есебінен жолдарды ақаусыз ұстауды көздейді. Дегенмен, ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу жұмыстары мен оларды реконструкциялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Роман Скляр биыл желтоқсан айында тағы үш учаске: "Астана — Теміртау", "Алматы — Қапшағай" және "Алматы — Қорғас" жолдары ақылы болатынын хабарлады. Қазіргі таңда нысандарда жұмыс аяқталып келеді.

Ал Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2023 жылға қарай  ақылы жолдардан түсетін табыс жыл сайын 45 млрд теңгеге жетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу