Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы айыппұл төлей ме

6552

Жауапты тұлғалар түсінік берді. 

Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы айыппұл төлей ме

Осыған дейін WhatsApp-тан тараған хабарламада білім және ғылым министрінің қаулысына сай, себепсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 мың теңге көлемінде айыппұл өтейтіні айтылған еді. Ал ведомство өкілдері әкімшілік құқықбузышылық туралы кодексте мұндай жауапкершіліктің расымен қарастырылғанын нықтады. Яғни, кодектің 127-бабына сүйенсек, жеткіншектерін оқыту және тәрбиелеу ісіне немқұрайлы қараған заңды ата-аналары 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыпақы арқалайды.

Биыл айлық көрсеткіштің 2 525 теңге екенін ескерсек, төлемнің соммасы 17 мың 675 теңге болады. Ал 1 жылда мұндай жағдай қайталанса, 15 тәулікке қамалады, оған қоса 50 мыңдай айыппұл төлейді.

Білім ошағынан қашқақтайтын балалардың ата-аналарына қатысты іс сотта қаралады. Өтейтін айыппұлдары бюджетке түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу