Сайрангүл Сауытбекке қатысты сот отырысы басталды

891

Сайрангүл Сауытбекке қатысты сот отырысы басталды

Ал Жаркентте шекарадан заңсыз өткен үшін Қытай азаматшасы сотталуда. Ол осы көктемде жалған құжатпен біздің елдегі отбасына қосылуға келіпті. Мұнда айыпталушының жұбайы мен үш баласы бар, деп хабарлайды Atameken TV.

Алматы облысы, Панфилов ауданында 42 жастағы Қытай азаматшасы Сайрангүл Сауытбекке қатысты сот отырысы басталды. Қандасымыз Қорғас шекара бекетінен заңсыз өткен. Сөйтіп елде қалған отбасына келіп қосылған. Кейін шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылып, қолға түскен болатын. Дегенмен Сайрангүл өз қылмысын мойындап, сот алдында өзі келтірген дәлелдерге құлақ асуды өтінді.

Сот процесіне Сайрангүлдің екі баласы да қатысты. 13 жасар Үкілай мен 8 жастағы Ұлағат залда сыр бермеді. Сайрангүлді қолдауға еліміздің әр түкпірінен келгендер бар. Халықаралық ұйымның өкілдері де қатысты. Олар өз кезегінде істі болған үш баланың анасын Қытайға қайта жібермеуді сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу