Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

731

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

Қазақстандық өнерпаз Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Бұл туралы айтулы мәдени шараның Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарланды, деп жазады 24.kz.

Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Актрисаның өзіне келсек, Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Петропавлда дүниеге келген. 2011 жылы Ресейдің театр өнері университетін (ГИТИС) бітірген.

Бұған дейін ол "Тюльпан" фильмінде басты рөлді сомдады. Туынды 2008 жылы Каннда "Ерекше көзқарас" конкурсының бас жүлдесін, әділ қазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу