banner

Сәуірде медициналық сақтандыру қорына 8,17 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті

625

Сәуірде медициналық сақтандыру қорына 8,17 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті

Өткен айда медициналық сақтандыру қорына 8,17 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Сәуір айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 8 млрд 169,5 млн теңге қаржы аударылды.

Жалпы алғанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген жарна көлемі 63,3 млрд теңгені құрап отыр.

Оның ішінде, 54,9 млрд теңге (87% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,4 млрд теңге (13% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу