Семейде 300 гектар орман өртенді

845

Семейде 300 гектар орман өртенді

Кеше басталған Қызылкардон аумағындағы орман өртін сөндіруге 300 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Олардың құрамында орман шаруашылығының адамдары, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" бар. Қалың оттың ішіне кіре алатын 70 техника да жұмыс істеуде. Тракторлар жерді өңдеп жатыр. Өртеген жерлерде екі алаң белгіленген.

"Бұрынғы өртенген орманның ішкі тұсы ғана жалғасып жатыр. Тілсіз жау сыртқа қарай тараған жоқ. Орманшылар мен өрт сөндірушілер өртенген тұсты қадағалауға алған. Желдің қатты тұруы да орман өрт сөндіруге кедергі болып тұр. Қазіргі уақытта 300 гектар жер жанып кеткені белгілі болды",- дейді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.

Кеше Семейге Өскеменнен де арнайы тікұшақ келген еді. Олар әуеден 6 рет 25 тоннадан су шашты. Бүгін таңертеңнен бері МИ-2 тікұшағы әуе арқылы бақылауда. Өрттің шығу себебі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу