Семейде аспалы көпірден ер адам секіріп кетті

851

Сүңгуірлер маңайды торуылдап, жағалауды түгелдей тексеріп жатыр.

Семейде аспалы көпірден ер адам секіріп кетті

Сағат таңғы 5.00 шамасында Семейдегі аспалы көпірден белгісіз ер адам секіріп кетті. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мəлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Суыт хабар əуелі 102 нөміріне түскен екен. Секірген азамат, жас жігіт болған деседі. Судан құтқару қызметінің мəліметінше, оқиға көпірдің аквапаркке жақын тұсында орын алыпты.

Болған жерге жол-патрульдік полиция батальоны келгенімен, тəртіп сақшылар ер адамды райынан қайтаруға үлгере алмады. Əйтсе де өмірімен қош айтысуға бел байлаған азаматтың тірі қалғаны туралыда мəліметтер тарауда. Əзірге оның рас-өтіріктігі тексеріліп жатыр.

"Судан секірген азаматты іздестіру шараларына 2 қайық, жеке құрамнан 7 адам тартылды. Сүңгуірлер маңайды торуылдап, жағалау түгелдей тексеріліп жатыр. Тəртіп бойынша, іздеу жұмыстары үш күнге жалғасады. Осы аралықта аталған азаматтың жоғалғаны турасында жақындарынан арыз түсіп қалуы ықтимал Сонда іздестіріліп жатқан адамның нақты кім екені анықталады", – деді судан құтқару қызметінің жетекшісі Қуанышбек Байтуғанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу