Семейдегі бұрынғы ядролық полигон аймағы туристік нысанға айналды

863

Семейдегі бұрынғы ядролық полигон аймағы туристік нысанға айналды

Семейдегі бұрынғы ядролық полигон аймағында технотуризм дамып келеді. Өткен жылдың өзінде нысандарды көруге 1456 адам келген, дейді Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов.

"ЭКСПО көрмесі қарсаңында біз технотуризмді дамытып жатырмыз. Курчатовта кәсіпкерлікті қолдау мен қалалық бюджеттің кірісін көбейту мақсатында, Ұлттық ядролық орталықпен бірігіп қала әкімшілігі Семей ядролық полигоны нысандарына туристік саяхат ұйымдастырудың концепциясын дайындады. Туристік нысан ретінде Семей сынақ полигоны музейі, Тәжірибе алаңы, Атом көлі, "Балапан" алаңы, "Дегелең" алаңы және Курчатов қаласының тарихи орындары алынады", - деді Алмас Оңдақанов.

Ағымдағы жылы жергілікті билік туристер саны артады деген ойда. Әкімшіліктің болжамдық есебі бойынша, технотуризмнен түсетін кіріс 12 млн теңгені құрау керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу