Шағын бизнес "Атамекенге" міндетті мүше болу жарнасын төлеуден тағы 3 жылға босатылды

853

Шағын бизнес "Атамекенге" міндетті мүше болу жарнасын төлеуден тағы 3 жылға босатылды

"Атамекен" РҚ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі осындай шешім қабылдады. 
Съезде атап көрсетілгендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құрған кезден бастап, жарна төлеушілер - кәсіпкерліктің 22 мың субъектісі , ірі және орта бизнес өкілдері болған. Ал қалған мүшелері, яғни 980 мыңнан астам кәсіпкер жарна төлеуден бес жылға босатылған. Бұл негізінен жеке кәсіпкерлер, фермерлік және шаруа қожалықтары. 
2015 жылы міндетті мүшелік жарнаға қатысты тәсіл қайта қаралды. Оның мөлшері төмендетіліп, әртараптандырылды. Мүгедектер еңбегін пайдаланатын ұйымдар жарна төлеуден мүлдем босатылған. Нәтижесінде жалпы міндеттер 2 есе төмендеген. Бірақ "Атамекен" мүшелері бизнес, жарна төлеу көлеміне қарамастан бірдей құқыққа ие және ҰКП қызметін тең дәрежеде пайдаланады. 
"Атамекен" ҚР ҰКП басқармасының мүшесі Елдос Рамазанов Ұлттық палатаның қаражатын түсінікті және ашық бөлу жүйесі мен қадағалау - бюджетті үнемді және тапшылықсыз орындауды қамтамасыз етті деп атап өтті. Тап қазіргі уақытта шағын бизнеске қосымша қаржылық жүктемені құру қажет емес екенін де айтты. 
"Мұндай тәсіл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес субъектілері арасында ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді", - деп атап кетті Елдос Рамазанов. 
Шағын бизнес субъектілерін мүшелік жарнадан 3 жылға босату туралы ұсынысты съезд қатысушылары толығымен қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу