Шетелдік компанияларға басымдық беретін ескірген келісімдерді жаңарту тапсырылды

890

Шетелдік компанияларға басымдық беретін ескірген келісімдерді жаңарту тапсырылды

Мәжіліс төрағасы шетелдік компанияларға басымдық беретін келісімдерге өзгеріс енгізу бойынша бастама көтеруді" тапсырды, деп хабарлайды abctv.kz.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысына 1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан мен Үндістан үкіметтері арасындағы "Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы шығарылды. Оны қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қорғады.
Қазіргі кезде Қазақстан мен өзге елдер арасында осындай 52 салықтық келісім күшінде екен. Осыған орай депутаттар олардан елімізге қандай тиімділік пен пайда келіп отырғанын сұрастырды.  Бақыт Сұлтановтың бұл тұрғыдағы жауабына қанағаттанбаған мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің мәліметінше, салық салу саласындағы барлық келісімдердің жартысы өткен ғасырда жасалған.
"Депутаттар олардың тиімділігі туралы сұрап отыр. Себебі, біз жақында осындай кезекті келісімді қарастырғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға біздің компаниялардың қатыса алмайтыны туралы мәселе туындады. Сонда үкімет мүшелері бұл келісімдердің 90-шы жылдары бекітіліп қойылғанын, тиісінше шетелдік компанияларға басымдық беретінін алға тартты. Бәлкім, шетелдік компаниялардың келуі 90-шы жылдары өзекті болған шығар. Өйткені отандық компаниялардың өз қаржысы болмады, олардың өздері де, техникасы да ірі жобаларды ілгері әкетуге әзір болмады. Қазір Қазақстанда да, отандық компанияларда да жағдай өзгеше", – деді мәжіліс төрағасы. 
Ол үкімет мүшелеріне "уақытылы талдау жасап, келісімдерді жаңартуды, шетелдік әріптестерден ұсыныс күтіп отырмай, жедел түрде ол келісімдерге өзгеріс енгізу бойынша бастама көтеруді" тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу