Шетелге шығуға шектеу қойылды

1152

Шетелге шығуға шектеу қойылды

Түрікменстан билігі жасы 40-қа толмаған азаматтардың елден шығуына шектеу қойды, деп хабарлайды Азаттықтың Түрікмен редакциясы.

25 маусымда дашогуздықтар (Ашғабадтан 630 шақырым қашықтықтағы Дашогуз қаласының тұрғындары) қаланың миграциялық қызметінен ел азаматтарының шетелге шығуына қойылған жас шектеуі 30-дан 40 жасқа ұлғайтылғанын білді.

Миграциялық қызметке туристік виза алуға барған кейбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер өздеріне енді 40 жасқа толмағандарды шетелге шығармау туралы "жоғарыдан пәрмен" түскенін айтып, анықтама беруден бас тартқан.

"Миграциялық қызмет мамандары жоғарыдан бұйрық түскенін айтты. Ол бойынша, енді 40-қа толмағандарға шетелге шығуға рұқсат берілмейді. Тыйым салудың себебін сұрағандарға уәлаятта (облыс) жұмысқа жарамды ешкім қалмаған деп түсіндірген. Бәрі кетіп қалса, кім жұмыс істейді деген", - деді өзін Шадурдыев деп таныстырған Сапармұрат Түркменбашы ауданының 36 жастағы тұрғыны.

Түрікменстан миграциялық қызметі азаматтардың шетелге шығуына тағы да шектеу салынғаны туралы ақпаратқа пікір бермеді. Айта кетейік, ел билігі азаматтардың шетелге шығуына тыйым салынғаны туралы ресми хабарлаған емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу