ШҚО-да әкімшілік жазаға тартылған әйел өз-өзіне қол жұмсады

954

Оқиғаның мән-жайы Семей қаласының № 2 сотының материалдарында баяндалады.

ШҚО-да әкімшілік жазаға тартылған әйел өз-өзіне қол жұмсады

Полицияның кезекші қызметкеріне тұтқын әйелдердің бірі камераласының оғаш қылықтарын айтып, шағымданған. Алайда кезекші оған мән бермейді. Нәтижесінде тұтқын әйел камерада асылып қалған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Оқиғаның мән-жайы Семей қаласының № 2 сотының материалдарында баяндалады.

2017 жылдың 11 қазанында полиция қызметкері әкімшілік тәртіпті тұтқындалғанға арналған қабылдау мекемесіне кезекшілікке тұрады. Камералардың бірінде бірнеше күн бұрын қамауға алынған семейлік тұтқын әйел болған.

Оның камераласының сотта берген жауабына сүйенсек, ол тәртіп сақшысын әлгі тұтқынның жат қылықтары туралы бірнеше рет ескерткен, алайда одан еш нәтиже шықпайды. Біраз уақыттан кейін камерада жалғыз қалған әйелдің өлі денесі табылды.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада тұтқындардың дұрыс қадағаланбағаны байқалады. Әйел киімінің қалтасынан жіп алып шығып, торлы есікке байлап, өз-өзіне қол салғаны таспаға басылып қалған. Ал оның денесін полицейлер тек екі сағаттан кейін тауып алды.

Сотта кезекші болған полиция қызметкері  кінәсін толық мойындады. 17 шілде күні оған шартты түрде алты ай бас бостандығынан және үш жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу