ШҚО-да бір тәулікте екі ауданның 200 гектар жері өртеніп кетті

716

Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

ШҚО-да бір тәулікте екі ауданның 200 гектар жері өртеніп кетті

Семей қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында екі дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды облыстық ТЖдепартаментінің баспасөз-қызметі. 

Ведомство мәліметі бойынша екі дала өрті де бейсенбі күні болған. 
Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Қырыққұдық учаскесінде бір күн ішінде 100 га жер өртеніп кеткен. Баспасөз-қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне өрттің сөндірілгенін хабарлады.

"Түні бойы 8 өрт сөндіруші екі автоцистернамен және жергілікті тұрғындар өртпен алысты. Бүгін сағат таңғы 7-де өрт толғымен сөндірілді",- деді хабарлаушы. 
Өрттен келген шығын жоқ. Тап қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өрттің жану ошақтарын жоюда. 
Тап осы уақытта Семейде Чекоман ауылынан 5 шақырым жерде Ертіс ауылдық округінде далада өрт болды.

"Өрт бүгін таңғы сағат 5-те сөндіріліп бітті. Өрт 100 гектра жерді алды. Зардап шегушілер мен келген зиян жоқ", - дейді ведомстводағылар. 
Екі жағдайдағы өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу