ШҚО-да екі судья пара алу күдігімен тергеліп жатыр

1197

ШҚО-да екі судья пара алу күдігімен тергеліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының судьясы мен аудандық соттың судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды kyzmet.gov.kz.

Қала әкімі сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішті оң қарағандығы үшін пара алды деген күдікке ілінген.  Ал аудан әкіміне қатысты тергеу заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан әкімшілік материал бойынша қайықты тәркілемеу үшін пара алды деген күдік бойынша жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу)талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу