ШҚО-да ішкілікке байланысты 3 мыңнан аса әйел тіркеуде тұр

590

Ащы суға әуестеген әйелдердің дені 35-44 жас аралығында. 

ШҚО-да ішкілікке байланысты 3 мыңнан аса әйел тіркеуде тұр

Статистикалық мәліметтер ащы суға әуестеген әйелдердің 923-і 35-44 жас аралығындағы жап-жас әйелдер екенін көрсетеді. Алпыстан асып, апа атанып отыруға тиіс 335 егде әйел де "жынды" судың жетегінде жүр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Шығыс Қазақстанның облыстық наркологиялық диспансердің биылғы жылдың алты айындағы мәліметтеріне сүйенсек, өңірде ішкілікке байланысты барлығы 3076 әйел тіркеуде тұр. Олардың 2091-і диспансерлік есепке, қалған 985-і профилактикалық тіркеуге алынған. Әйелдердің араққа салыну көрсеткіші Семей (1454), Өскемен (495), Риддер (380) және Шемонайха (113) қалаларында, Глубокое ауданында (137) жоғары болып отыр. Өкініштісі, облыста бұл кесапаттың тіркелмеген бір де бір ауданы жоқ. Тіпті, қазақ исі бұзылмаған Тарбағатай, Үржар, Абай аудандарының өзінде 16,31 және 8 маскүнем әйел бары анықталған.

Диспансердің бас дәрігері Хабдылманап Смағұлов өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда маскүнем әйелдердің саны 10,1% -ға азайғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу