ШҚО-да нан қымбаттауы мүмкін

956

 Оған басты себеп, жанармай бағасының көтерілуі екен.

ШҚО-да нан қымбаттауы мүмкін

Шығыс диқаншылары астық жинауға кірісіп кетті. Биылғы өнім былтырғыдан жоғары. Соған қарамастан, нан қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

ШҚО-ның Аягөз және Жарма аудандарынан басқасы тегіс қырман басында. Ауылшаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы 600 мың гектар жерден астық жиналуға тиіс.

"Астықтың көлеміне келсек, 1 гектардан – 15 центнер жиналады. Өткен жылы 1 гектарға 13,2 центнерден келген", – дейді басқарма басшысының орынбасары Ернар Рахметуллин.

Оның айтуынша, астық көлемінің артуына қолайлы ауа-райы себеп. Алайда нанның қымбаттауы мүмкін екенін жасырмады басқармадағылар. Оған басты себеп, жанармай бағасының көтерілуі дейді, Ернар Рахметуллин.

Нанның қаншаға қымбаттайтыны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу