ШҚО-да туристерге арналған бестілді қосымша әзірленді

583

ШҚО-да туристерге арналған бестілді қосымша әзірленді

Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру бағдарламасының арқасында киелі жерлерді зерттеу бұрынғыдан да жеңілдей түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ендігіде ел тұрғындары Қазақстанның тарихи-мәдени әлемі туралы бес тілде мағлұмат ала алады. Бұл "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында әзірленген "Тарихи жол" қосымшасының арқасында мүмкін болып отыр.

Жобаны ШҚО әкімдігінің қолдауымен жеке компания іске асыруда.  "Тарихи жол" қосымшасында ақпараттың қабылдануын жақсарту мақсатында тарихи кейіпкерлер үлгісіндегі шынайылық көріністер енгізілген. Сондай-ақ виртуалды шынайылық пен өңірдің киелі жерлерінде жүргендей сезім тудыру үшін 360 градустық видеороликтер орналастырылған.

Туристер қосымшаны интернеті жоқ аумақтарда офлайн-режімде де пайдалана алады. Қосымшаны туристік гид ретінде де қолдануға болады. Ол барлық туристік нысандар, қонақүйлер, мейрамханалар туралы "біледі".

Ақпараттардың барлығы қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілінде берілген. Қосымшаны әзірлеген компанияның өкілі Айбек Әлмұхаметовтің айтуынша, бұл жоба өңірдің ішкі және сыртқы туризм саласын дамытуға септігін тигізеді. "Сондай-ақ әрбір нысанның туристік әлеуетіне талдау жасауға болады. Бұл туристер саны мен сервис сапасын арттыруға ықпал етпек", - дейді ол.

Айта кетейік, аталмыш жүйеде бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда орналасқан 40-тан астам нысан цифрландырылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу