ШҚО-да жедел жәрдем санитарларының жұмысын жүргізушілер атқаратын болды

759

ШҚО-да жедел жәрдем санитарларының жұмысын жүргізушілер атқаратын болды

Қысқартуға ұшыраған жедел жәрдем санитарлары жұмыссыз қалмайды. Бұл жөнінде  "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалында баяндама жасаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлімдеді деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жуықта жедел жәрдем бекетіндегі санитарлардың жұмыстан қысқартылатындығы туралы хабар тараған болатын. Марат Шорановтың айтуынша, медицина қызметкерлерінің штатын оңтайландыру жөніндегі нұсқау денсаулық сақтау министрлігінен келіп түскен.

"Қызметкерлер арасында мониторнг жүргізу барысында мәлім болғандай, жедел жәрдемде санитарлық қызмет атқарып жүргендердің 90 пайызы зейнет жасына таяп қалған адамдар. Санитарлық қызмет ешқандай маңызды рөл атқармайды. Арнайы білімнің де қажеті жоқ. Себебі негізгі жұмысы олардың – құрал-жабдықтарды алып жүру. Бұл жұмысты қосымша ақы төлеу арқылы жүргізушілерге-ақ тапсыруға болады деп шештік. Алғашында 80 адам қысқартылуға тиіс болатын. Алайда халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, тек 20 адамға қысқартуды ұйығардық. Есесіне фельдшерлер штаты кеңейтілетін болды", - дейді ол.

Марат Едігеұлының айтуынша, олардың ешбірі жұмыссыз қалмайды. Бүгінде оларды өзге медициналық мекемелерге жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу