ШҚО-ның Қотанқарағай ауданында сібір жарасының ошағы анықталды

1874

Ауру 1972 жылы сібір жарасынан өлген мал көмілген аймақтан тараған деп болжануда.

ШҚО-ның Қотанқарағай ауданында сібір жарасының ошағы анықталды

Шығыс Қазақстан облысы Қотанқарағай ауданында сібір жарасының ошағы анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

12 қыркүйек Кішінарын ауылының 47 жастағы тұрғыны ауруға шалдығып, арада 9 күн өткенде көз жұмған. Ол өз торпағын сойып, бөлшектеу кезінде қолын жарақаттап алған. Індет сол жара арқылы қанына тараған. Бұл жайт зертханалық тексеру кезінде дәлелденді.

Күйдіргі дертінен көз жұмған марқұм бастапқыда өз бетінше үйден ем-дом жасаған. Нәтиже болмай, жағдайы қиындаған соң арада бір апта өткенде ауруханаға барған.

Қаза болған адаммен аралас-құралас болған тұрғындардың бәрі жіті медициналық тексеруден өткізілді. Қазір карантин жарияланып, буферлік аймақ анықталды. Бүгінге дейін 5 ауылдық округтен 21 мыңға жуық ірі қараға вакцина жасалды.

"1972 жылы сібір жарасынан өлген мал көмілген. Осы қорымда 2016 жылы жөндеу жұмыстары өткен. Ол қоршалған. Биыл көктемде су тасқыны көп болды. Сондықтан жерасты сулары көтерілуіне байланысты инфекция шөппен бірге шығуы мүмкін. Ауру содан тараған", - дейді облыстық ауылшаруашлығы басқармасының басшысы Асқар Жақыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу