ШҚО омарташылары Қытайға 14 мың тонна бал сатады

921

Қазақстанның бал өнімдерін Қытайға тауар тасымалдаушылар тізіміне кірген екі кәсіпорын ғана кіргізе алады.

ШҚО омарташылары Қытайға 14 мың тонна бал сатады

Шығыс Қазақстан омарташылары Қытайға 14 мың тонна бал өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Altaynews kz.

Жағымды жаңалықты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев тұрғындармен тікелей байланыс кезінде айтты. Бал экспортына қатысты қойылған сауалға жауап беру барысында басқарма басшысы Қытаймен аса маңызды келісімшарт жасалғанын атады.

Бұған дейін шығысқазақстандық омарташылар өнімін "Шекарааралық сауда" аясында ветеринарлық сертификат рәсімдеу арқылы өткізіп келген. Екіжақты келісім бойынша бұдан былай Қазақстанның бал өнімдерін Қытайға тауар тасымалдаушылар тізіміне кірген екі кәсіпорын ғана кіргізе алады. Соның бірі – шығысқазақстандық "Пасека" шаруа қожалығы.

"Кеше ғана маған "Пасека шаруа қожалығының өкілдері хабарласып, сүйінші хабарды жеткізді. Қытайға "Алтай балы" деген тауарлық белгіні тіркеуге ұсынған болатынбыз. Енді Шығыс Қазақстаннан 14 мың тонна бал алу туралы келісімшарт жасалады. Соңғы статистика бойынша, облыс аумағында 3000 тонна бал сақтаулы тұр. Менің ойымша, бұл санды 5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Бұған дейін жыл сайынғы өнімін қоймада сақтап келген омарташылардың саудасы жүретін болды", – деді Асқар Жақыпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу