Шоколад ұрлағандар ұсталды

644

Күдіктілер жаңа жыл қарсаңында шоколад өніміне сұраныстың артатынын пайдаланып, қылмыстық жол арқылы табыс табуды көздеген. 

Шоколад ұрлағандар ұсталды

Полицейлер 2,5 миллион теңгенің шоколад өнімін ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жергілікті екі тұрғын жаңа жыл қарсаңында шоколад өніміне сұраныстың артатынын пайдаланып, қылмыстық жол арқылы табыс табуды көздеген. Олардың екеуі де ешбір жерде жұмыс істемейді. Бұрын олар шоколад өнімін көтерме-бөлшек саудамен айналысатын қалалық фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Сондықтан қойманың аумағын және жұмыс кестесін жақсы білген", –  дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктілер аз уақыттың ішінде үлкен көлемде және төмен бағамен сатып алушыларды тауып та үлгерген. Оларды қолайлы баға қызықтырған екен.

Ұрылар кешкілік уақытта қойма аумағына кіріп, шоколад салынған 98 қорапты 1 млн теңгеге сатқан. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу