banner

Шпаргалка жасаудың шебері тапқырлығымен таң қалдырды

1330

Шпаргалка жасаудың шебері тапқырлығымен таң қалдырды

БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да ерекше шпаргалка жасап, тапқырлығымен таң қалдырған түлек туралы айтты.

"Жыл сайын біз ұлттық тестілеу орталығында ерекше шпаргалкаларға баға береміз. Осы жылы бірінші орынды ҰБТ-ға пластикалық бөтелкенің этикеткасына өзіне қажетті химияның формуласын жазып кірген оқушыға береміз. Ол минералды судың құрамы мен компанияның мекенжайы көрсетілген жерге формула жазып келген. ҰБТ-тың ережесіне сәйкес, емтиханға су алып кіруге болады. Біз осы шпаргалканың авторына техникалық бағытта білім алуға кеңес береміз. Біздің ойымызша, ол түбінде өз еліне пайдасын тигізеді", – деді орталық директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу