Шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру қарастырылуда

704

 Шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру қарастырылуда

Саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде соңғы 5 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуда жағымды серпін байқалады. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында өткізген есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша орталық коммуникациялар орталығы қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Министр баяндамасында күтілетін өмір ұзақтығы 6 жылға ұзарғанын, жалпы өлім-жітім 26 пайызға, ана өлімі 2,5 есе, сәби өлімі 2,6 есе төмендеп, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есе, туберкулезден өлім-жітім бес есе, қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 27 пайызға қысқарғанын айтты . 

"Өткен 10 жылда елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сатып алынатын дәрі-дәрмек атаулары санының 2,5 есеге артқанын көрсетеді, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есе артқан. Мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны соңғы 5 жыл ішінде 15%-ға артқан. Дәрілік заттармен қамту процесінің тиімділігі мен ашықтығы мақсатында ағымдағы жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру жүргізілді; онлайн трансляция режимінде сатып алуды ұйымдастыру; нәтижесінде 23 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді", - деді министр.

Министр сондай-ақ МСАК-ты жаңғыртуға тоқталып өтті. Оның шеңберінде ЖПД учаскелерін ұлғайту бөлігінде отбасылық медицина күшейтілді, мысалы өткен жылы ЖПД учаскелері 12%-ға және жалпы практика дәрігерлерінің саны арқан.

Елжан Біртановтың айтуынша, кезек күттірмейтін медкөмекті халықаралық стандарттарға жақындату үшін жедел көмектің бірыңғай диспетчерлік қызметі, шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру, қызметкерлерді реанимациялық көмектің әлемдік стандарттарына оқыту және басқалар енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу