Шымкент пен Түркістанда жер салығы көтеріледі

790

 Шымкент пен Түркістанда жер салығы көтеріледі

Шымкент пен Түркістан қалаларының жаңа статусқа ие болуына байланысты жер және мүлік салығының мөлшері өзгермек. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов  мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше халықтың табыс деңгейі де ескеріліп отыр. Сондықтан  салықтық мөлшерлеме бірден көтерілмейді. Тек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деді вице-министр. Жаңа мөлшерлемелер 2020 жылдан бастап енгізілмек.

"2020 жылдан бастап жаңа субвенциялар есептеледі. Олар үш жылға негізделген. 2019 жылға дейін жергілікті бюджеттің кіріс базасы ескі мөлшерлемемен есептелді. Сондықтан жаңа мөлшерлемелерді 2020 жылдан бастап енгізу ұсынылды. Бұл субвенцияларды өзгертпей, жергілікті бюджет кірісінің тұрақтылығын, сонымен қатар, жаңа ставкаларға дайындық үшін өтпелі кезең болмақ", - дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу