Шымкентте трансформатор зауыты ашылды

2147

Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын  қанағаттандырады деп күтілуде. 

Шымкентте трансформатор зауыты ашылды

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында Шымкент қаласында қуаттылығы 220, 500 КВ болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауыт іске қосылды.

Asia Trafo инновациялық кәсіпорны  -– "Тассай" индустриалды аймағында орналасқан. Мұндай кең көлемдегі трансформатор өндірісі Қазақстанда  алғаш рет қолға алынып отыр. Жобаның жалпы құны 18,9 млрд теңгені құрайды.

Жобаның екінші кезеңінде цифрлық транформаторларды өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мұнда электрсынақ зертханасы да құрылған. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын  қанағаттандырады деп күтілуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылған өндіріс орнында 220 адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады.

Шымкент қаласында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылы құны 9 710,7 млн теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылып, жаңа 635 жұмыс орны ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу