Шымкентте зорлау сипатындағы қылмыс көрсеткіші 68,2 пайызға жеткен

1487

Шымкентте жастар арасындағы жалпы қылмыс саны кемігенімен, зорлауға қатысты оқиғалар саны артқан. Тіпті, 150 пайызға өскен. Бұл өткен жылдың статистикасы. 

Шымкентте зорлау сипатындағы қылмыс көрсеткіші 68,2 пайызға жеткен

Мамандардың айтуынша, зорлау сипатындағы қылмыс 68,2 пайызды көрсетіп отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының қатысуымен өткен мәжілісте айтылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мектеп және колледж бітіріп, жұмыссыз жүрген жастар арасында да бұзақылық орын алуда. Жиынға келген мамандар бұған негізінен, ата-аналардың жауапсыздығы себеп десті.

"232 қылмыс орны алған болса, соған 208 жасөспірім қатысқан. 2018 жылы 208 жастың 18 пайызы мектеп оқушылары үлесіне тиеді. 21 пайызы колледж оқушыларына тиісілі болып отыр. Сондай-ақ, жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарын жандандыру қажеттігі туындап отыр", – дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Сапарғали Мамытов.

Тағы бір жаға ұстатар тұс – ерте жүктілікке байланысты болып тұр. Ондай фактілер туыстық қатынасы бар жасөспірімдер арасында да байқалуда. Сондықтан, жауаптылар ата-аналарға бала тәрбиесінде аса мұқият болуды ескертеді. Маңызды мәселе талқыланған басқосуға ата-аналар келген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу