ОҚО бағбаны елорданың мерейтойына 90 мың түп гүл жөнелтпек

933

ОҚО бағбаны елорданың мерейтойына 90 мың түп гүл жөнелтпек

Тоқсан мың шырайгүл, сәлбен мен барқытгүл Астананы көркейте түспек. Мұндай сыйлықты ОҚО шаруасы Астананың туған күніне сыйлайтын болды. Сыйлық тиеген жүк көлігі жақын арада елордаға бет алмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Уктам Абдурасуловтың айтуынша, ол жыл сайын жылыжайда миллионға жуық гүл өсіреді екен. Өткен жылы оның гүлдері ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай  елорда сәнін келтірді. Сондай-ақ Өскемен, Талдықорған, Алматы қалаларына да жіберілген.

Шаруа гүлдерін келесі жылы Ресей нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу