Шымкенттің 3 жылдық бюджеті бекітілді

713

Алдағы 3 жылдық бюджеттің көлемі 380 млрд теңгені құрады. 

Шымкенттің 3 жылдық бюджеті бекітілді

Шымкентте қалалық мәслихаттың депутаттары биылғы жылдың соңғы сессиясына жиналды. Сессияда қаралатын күн тәртібіне енгізілген 13 мәселенің барлығы да өзекті. Ең бастысы 2019-2021 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті нақтыланды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Алдағы 3 жылдық бюджеттің көлемі 380 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 67,1 млрд теңге маңызды мәселелерді шешуге бағытталуда. 6 млрд 532 млн теңге – тоғыз мектептің құрылысына, тұрғын үй құрылысына – 2 млрд, Бозарық қосалқы стансасының құрылысына 1 млрд теңге бағытталуда.

"Қаржының негізгі бөлігі 103 млрд теңге әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл бюджеттің 60,6 пайыз үлесін құрайды. Білім саласына 81 млрд. теңге, денсаулық сақтау саласына 4 млрд теңге бөлінген", – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу