Silk Way Rally марафонының екінші кезеңінде "Астана" командасы үшінші орынды иеленді

659

Silk Way Rally марафонының екінші кезеңінде "Астана" командасы үшінші орынды иеленді

Чебоксары-Уфа бағыты бойынша "Жібек жолының" екінші кезеңі аяқталды. "Астана" командасы бұл жарыста үшінші орынды иеленді.

Silk Way Rally трансконтиненталдық марафонының екінші кезеңінде қазақстандық Astana Motorsports командасының өкілдері сайыс барысында ондықтың ішінде болса, жарыстың аяғына қарай 3-ші орынға сытылып шықты. Артур Ардавичустың экипажы бірінші және екінші орынға жайқасқан голландтық Мартин ван ден Бринк пен Жерар де Ройдан жеңіліс тапты. Қорытынды есеп бойынша "Астана" командасы үшінші орынды иеленді.

Жарыс жолы  797,33 шақырым қашықтыққа жалғасты, оның 157 шақырымы арнайы учаске болып табылады.  

"Жібек жолының" келесі кезеңі Уфа-Қостанай тас жолы бойынша өтеді. Қазақстанның командасы Башкирияның астанасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 5:45-те кетіп, 329 шақырымға созылған арнайы учаскелік жолға шығады. Жарыс жолының қашықтығы артуда, үшінші кезеңде жарыстың жол қашықтығы 876 шақырымды құрайтын болады. Команда елордаға 11 шілде күні жетеді деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу