СІМ жауапты тұлғалары парамен тұтқындалды

888

СІМ жауапты тұлғалары парамен тұтқындалды

Ірі көлемде пара алды деген айыппен Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев тұтқындалды. Бұл жайлы жемқорлыққ қарсы ұлттық бюроның ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады.

"Мемлекеттік қызметте бола тұра, ол министрлікке қарасты ұйым жетекшілерінің заңға қайшы әрекеттерін жасырды", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Анарбек Қарашев Сәкенов, Нұрекенов, Жұмасанов текті азаматтардан сыйақы ретінде 10 млн теңгеден астам заңсыз қаражат алған. Ал аталған адамдар министрлік атынан түрлі келісімдер жасап, қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 20 млн теңге пара алған. Осылайша, қылмыстық жауапқа 6 адам тартылып, Қарашев пен Нұрекенов тұтқынға алынды. Ал Сәкенов үйқамаққа алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу