Сингапур мамандары Алматыдағы жеңіл рельсті көлік құрылысына қатыспақ

664

Сингапур мамандары Алматыдағы жеңіл рельсті көлік құрылысына қатыспақ

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысын сингапурлық компания жүргізуі мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында осы елдегі Қазақстан елшісі Үсен Сүлеймен айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның жеткізуінше, Астанадағы дәл осындай үлгідегі жобаға Сингапур мамандары қолдау көрсетіп жатыр. Олар Алматыда салынатын жеңіл рельсті көлік құрылысына да атсалысуға дайын екендігін білдіріп, ұсыныс тастаған. Мұндай жоба Шымкентте жүзеге асатын болса, оған да әзір. Екіжақты келісімдер жақын арада жүргізілмек. Тараптардың бұдан өзге де  өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты дамыту, білім, ғылым салаларын бірігіп өркендетуге қатысты жоспары бар. 

"12 құжатқа қол қойылған. Бұл – үш жылдың ішінде тер төгіп жасаған жұмыстың нәтижесі. Бір компания "Астана" қаржы орталығына келеді. 21 млрд доллардың капиталы бар. Қазір оларда Алматыдағы LRT-ға және Шымкенттегі LRT-ға кірмекші", – дейді  Қазақстан Республикасының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Үсен Сүлеймен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу