Сізге "тәртіп сақшысымын" деп хабарласса, екі сөзді айтпаңыз – полицейлер үндеу жасады

23576

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі шықты.

Сізге "тәртіп сақшысымын" деп хабарласса, екі сөзді айтпаңыз – полицейлер үндеу жасады Фото: ашық дереккөз

Қазақстан полициясы тұрғындарды өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған адамдармен сөйлескен кезде "иә" немесе "жоқ" деген сөздерді айтпауға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің дерегінше, алаяқтардың адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын иемденіп алу әрекеті күннен-күнге көбейіп келе жатыр.

"Құрметті азаматтар, егер олар сізге телефон соғып, өздерін басқарманың қызметкері ретінде таныстырса, "иә" немесе "жоқ" деген сөз тіркестерін айтпаңыз. Өйткені алаяқтар кейін оны биометрия үшін пайдаланылуы мүмкін. Ешқандай ақпаратты айтпаңыз және дереу телефонды өшіріп тастаңыз. Есіңізге сақтап алыңыз. Егер нақты департамент қызметкерлері сізді қызықтырса, олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе куәлік беру үшін сізді жақын жердегі полиция бөлімшесіне шақырады", – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция банк немесе полиция қызметкерлері сізге қоңырау шалып, күдікті транзакциялар туралы хабарласа – бұл өтірік екенін хабарлайды.

“Диалогты дереу тоқтатып, банктің немесе полицияның ресми нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ұсынылатын күмәнді инвестициялар мен инвестициялардан бас тартыңыз. Белгісіз қолданушылардан келген сілтемелерді орындамаңыз”, – деді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу